Ұлы даланың даңқын асқақтатпақ

Елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің аясында Құлагер ескерткішінің жанында қазақ даласының тарихынан сыр шертетін «Ұлы дала даңқы» мұражайы бой көтереді.

Жақында ғимараттың құрылысы ресми түрде басталды. Жоба бойынша мұражай екі қабатты болады. Оның ішіне Ботай, Берел және Тарбағатай қорғандарында табылған экспонаттармен қатар, қазақ қайраткерлерінің балауыздан жасалған мүсіндері қойылады. Қазірде жұмсалатын қаржы мен құрылыспен айналысатын мердігер белгісіз. Алайда, меценаттар өз қаржыларын салып, құрылысты бастамақ ниетте. Өйткені, олар уақытты жіберіп алуға болмайтындығын айтуда. Себебі, Астана-Бурабай жолының бойындағы мұражай «EXPO-2017» көрмесін тамашалауға келген шетелдіктердің баратын бірден-бір ошағына айналуы тиіс.

Комментарии закрыты.