Жол ережесін білу – өз қауіпсіздігің

20130524-06-1Жолда жүру ережелерін білу – міндетіміз. Осы міндетті біліп және сақтап жүрсек, талайлардың тағдырына қауіп төндірген жол оқиғалары орын алмас еді.

Қалалық жол полициясы және білім бөлімі бірлесіп өткізген Жас жол инспекторлары жасақтарының слетінде №1 мектеп-гимназиясы ЖЖИ жасағы жоғары деңгейден көрініп, ІІ-орынды иеленді. Жасақ мүшелері жолда жүру ережесі бойынша білімдерінің жоғары екенін көрсете білді.

Мен 2012-2013 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектептің «Бағдаршам» жас жол инспекторы жасағының мүшесімін. ЖЖИ жасағында жұмыс істеу – мен үшін де, менің сыныптастарым үшін де өте қызықты. Мектептің төменгі буын оқушыларымен және бастауыш сынып жетекшілерімен тығыз байланыстамыз. Оқу жылы басталғалы бері жасақ мүшелері оқушылармен көптеген іс-шаралар өткізді. Бірде бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме жүргізсек, бірде сынып сағаттарын ұйымдастырдық. Қабырға газеттері мен сурет байқауларына, кабинеттердегі жол ережесі бұрыштарына барлық сыныптар белсенді қатысты. Осы аптада ЖЖИ жасағы мектепішілік жиында бір жылда атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Мен жасақтың корреспондент-мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Жаңа оқу жылында куәліктерімізді жасақтың жаңа мүшелеріне тапсырамыз.

И.Борамбаев.

Комментарии закрыты.