Жеңілдікке қол жеткізді

Білімді жастар арасында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеті «Әл-Фараби-13» пәндер бойынша интернет олимпиадасын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Екі кезеңнен тұратын бұл білім сайысына біздің қаладан №16 жалпы білім беретін орта мектептің 11 сынып оқушылары қазақ әдебиеті пәнінен қатысқан болатын.

20130524-06-2Жақында осы олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп, мектептің төрт оқушысы жүлдемен оралды. Әлима Жакупованың жетекшілігіндегі Балжан Әдиат І орынды, Айдана Айтбай мен Гүлбану Тәжібек ІІ орынды өзара бөліссе, ІІІ орынды Дина Байдрахманова еншілеп қайтты.

– Марапаттау салтанатында бұл талапкерлерге университет проректоры Уәлихан Абдибеков ақ жол тілеп, оқуға түсуге жеңілдіктер болатындығын баса айтты – дейді Ә.Жакупова.

Бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен білімді де алғыр жастар қатысып, бақ сынағанын ескерсек, кенді қаланың бір мектебінен төрт оқушы арнайы оқу жеңілдіктеріне ие болуы – үлкен жетістік әрі зор мақтаныш.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.