Ұлы Жеңіс ұрпақ есінде!

Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай, №5 орта мектепте 3 сыныптың жетекшісі Ж.Тынысованың ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс ұрпақ есінде!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Э.Нуржанова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жукенова және ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Оқушыларға Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараға еңбек және тыл ардагері Ермұханов Набадин ата шақырылды. Оқушылар атаны Жеңістің 68 жылдығымен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін өлең жолдарымен білдірді. Олар соғыс, Жеңіс тақырыбында тақпақтар оқып, сахналық көрініс көрсетті. Ашық тәрбие сағаты оқушылардың орындауында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнімен аяқталды. Набадин ата тылдағы адамдардың Жеңісті жақындату үшін жасаған еңбектері мен ерліктері жайлы және өз өмірінен естеліктер айтып берді. «Сабақты жақсы оқыңдар. Елді сүйер ұлан болыңдар!» деп батасын берді ақсақал. Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойды. Кетер кезде оқушылар ардагермен естелік суретке түсті және сынып оқушыларының атынан сыйлықтарын табыстады. Ардагер оқушыларға шексіз алғысын білдірді.

Р.Есимсейтова, 4«Б» сынып жетекшісі.

Комментарии закрыты.