Жұмыспен қамтудың тиімді тетігі

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеп, азаматтарға екі қолына бір күрек ұстайтындай жағдай жасау керектігін баса айтып жүр. Осы бағытта елімізде екі жылдың көлемінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыз жүрген азаматтар қайта даярлаудан өтуде. Жұмысқа орналасып, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жандарда да баршылық.

Қаламыздағы «Жұмыспен қамту — 2020 орталығы» негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс атқарып келеді.

Жақында «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы Қазбек Ашықбаев бағдарлама бойынша қабылдауға келген азаматтарға кеңес берді.

Жиын барысында Қ.Ашықбаев әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы секілді мәселелерді қозғады. – Қазіргі күні мемлекеттік қолдаудың негізінде жүзеге асып отырған бағдарлама арқылы жастар тегін білім алып, жұмысқа орналасуға ынталы болуы керек. Бүгінгі күні қаламызға сылақшы-сырлаушы және темір жол саласына мамандар қажет. Біз осы бағытта жұмыс атқарудамыз. Бұл бағдарлама жұмыспен қамтудың тиімді тетігі, – деді орталық басшысы.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.