Мәжіліс марапаттан басталды

Қала әкімінің кезекті кеңейтілген отырысы марапаттаудан басталды. Ұлы Жеңістің 68 жылдығын тойлау барысында өткізілген іс-шараларда белсенділік танытқан бір топ қызметкерлерге алғысын білдіре отырып, қала басшысы Асқар Ыдырысов Алғыс хаттар тапсырды.

Олардың қатарында қалалық ІІБ басшысы Ж.Қарабеков, Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Р.Шакерханов, ТЖ бойынша бөлім басшысы Е.Байгазиев, «КМ Logistik» ЖШС бас директоры Г.Амазаряни, «НұрТрансСат» ЖШС директоры М.Балмағамбетов, Балалар өнер мектебінің директоры Р.Бурда, №1 мектеп гимназиясының директоры С.Сағынтаева, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің директоры Г.Жаппасова және №27 орта мектеп директоры А.Аманова бар.

Мерекенің ынтымақ пен бірліктің арқасында жоғары деңгейде өткендігін атап өткен Асқар Абылайұлы атсалысқан ұжымдардың барлығына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де алғысын жеткізді.

Одан әрі қала әкімі күн тәртібіне сәйкес мәжілісті жалғастырды. Қаланың коммуналдық шаруашылығы мен құрылысына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әкімнің орынбасары М.Нұрланов баяндады.

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Бапов пен ішкі істер бөлімінің басшысы Ж.Қарабеков өз салаларына қатысты есеп берді.

Өткен аптадағы отырыста берілген тапсырмаларға шолу жасай келе, А.Ыдырысов тиесілі тұлғаларға жаңа міндеттер жүктеді.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.