Үздіктер шеруі

20130531_16_1Оқу жылы аяғына қарай жыл бойы оқушылардың атқарған жұмыстарын қорытындылап, марапатталатын кезі болады. Оны «Үздіктер шеруі» дейміз. Міне биыл да осы шеруге №27 мектепте белсенді, озат, ерекше көзге түскен балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.

Алдымен мектеп басшысы А.Аманова сөз алып, биылғы оқу жылына шолу жүргізіп, жақсы еңбектенген ұстаздарды, жақсы оқыған оқушыларды атап өтті. Келесі сөз кезектері мектеп әдістеме бірлестіктерінің жетекшісі Г.Идироваға, мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Батееваға, екі ауысымның оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Қ.Әлжанова мен С.Саркеноваға берілді. Олар кезегімен бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларының үлгілі тәртібі мен жақсы оқу үлгерімдері үшін марапат қағаздарын табыстады.Сонымен бірге, баласына өнегелі тәрбие берген ата -аналар мен мектептегі «Қайырымдылық» акцияларына белсенді атсалысқан ата-аналар мектеп басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Арасында мектептің өнерпаз оқушылары әсем әндері мен мың бұралған билерін орындап, ата-аналарды, мұғалімдерді риза етті.

Жиын соңында бір жыл ішінде республика, облыс, аймақ және қала көлемінде жетістіктерге жеткен оқушылар салтанатпен сахна төріне шақырылды. Олардың арасында олимпиада жүлдегерлері, ғылыми жоба қорғау жеңімпаздары, спорт саласындағы жеңімпаздар, түрлі байқаулардың жүлдегерлері бар.

Жеңімпаз оқушылардың құрметіне мектеп өнерпаздары шағын концерт берді.

Ә.Құлашова.

Комментарии закрыты.