Кең пейілді Кенжебек

Ұмытпасам, сәуір айының жиырмасы кезі болуы керек. Роза деген көршіміз тіс салуға бару үшін 3-34-34 нөмірлі такси қызметін шақырды. Межелі жеріне жетіп, ақшасын төлеп, түсіп кеттік. Роза қымбат маркалы ұялы телефоны мен 5 мың теңге ақшасы бар әмиянын сол машинада түсіріп алыпты. Тісін емдетіп, салдырған соң әмиянды іздеп таппадық. Есімізге бірден әлгі такси қызметі түсіп, бізді жеткізіп салған жүргізушімен хабарластық. Ол да жылдам екен, көп кешікпей әмиян мен ұялы телефонды алып келді.

Жігіттің аты-жөнін сұрап едік, Кенжебек дегеннен әрі аспады. Жақсының жақсылығын айту керек қой. Мына жүргізушінің адамгшершілігі мен кең пейілділігіне риза болдық. Кенжебектің кең пейіл көңіліне деген ризашылығымыз шексіз. Осындай азаматтардың қатары көбейіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе?!

Бәтима Қазығұлова, қала тұрғыны.

Комментарии закрыты.