Жаныңда жүр жақсы адам

Баламның сырқатқа шалдығып, қатарымен ойнап-күліп жүре алмағаны жаныма қатты батады. Көңіліне қаяу түспесін деп, бар мүмкіндігімді жасап отырмын. Мектептен мұғалім келіп, бір мезгіл сабағын оқытып отырады. Ол да болса бір жақсылық. Қазір ұлым – Изгенов Дарын – 4 сыныпты аяқтады. Оның бастауыш мұғалімі Жанар Жанеділова жайында ойымда жүрген бірер сөзімді ортаға салып, көпшілікпен бөліссем деп едім.

Жанар оған сабағын үйретіп қана қоймай, мейірімділігі мен қамқорлығын да аямайды. №27 орта мектебінің бастауыш мұғалімі Жанар сіңілімдей болып кетті. Ұлым ауруханада жатса, уақыт тауып, барып тұрады. Қаламызға басқа жақтан ертегі қойылымдары, цирк келсе, атақты артист, әншілердің концерті болса, соларға ертіп апарады.

«Қайырымдылық» қорынан берілетін көмектерді өзі қадағалап, әкеліп береді. Біздер, яғни, ата-анасы жұмыста болғанда есікті өзі ашып кіруі үшін оған сеніп, үйдің кілтін беріп қойдым. Аптасына үш мәрте келіп тұрады. Бірге сабаққа әзірленіп, кітап оқып, сурет салып, әр түрлі ойындар ойнатады.

Осындай жанға ризашылығымды білдірмей тұра алмадым. Үлгілі, мейірімді, білімді ұстазға тек қана жақсылық тілеймін.

Дарынның анасы Венера Садуақасова.

Комментарии закрыты.