Дастархан жайып, медальдармен марапаттады

Өткен аптада Конституция күніне орай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымы зейнеткерлер мен соғыс ардагерлеріне арнап «Алатау» кафесінде дастархан жайды. Қонаққа келген қала әкімінің орынбасары М.Мадиева: – Құрметті жерлестер! Барлықтарыңызды қала әкімі Советбек Тұрсынұлы атынан, Сәтбаев қала әкімішілігі атынан алда келе жатқан үлкен мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға, елімізге тыныштық, береке-бірлік, бақыт әкелсін. Әріқарай еліміздің көк байрағы желбіреп, тәуелсіздігіміз нығая берсін – деп, осындай дәмнің үстіне ардагерлердің басын қосып отырған ұжымға алғысын білдірді. Осыдан кейін Сәтбаев қаласының қорғаныс ісі жөніндегі бөлім бастығының орынбасары В.Супонин және әкім аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бас инспекторы Е.Сәлемов ардагерлерді құттықтап, Белорусь елінің Президенті жіберген медальдармен ардагерлер Ш.Байбосыновты, К.Акчабаевты, К.Көкеновты марапаттап, алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.Қапарова қатар келген қос мерекелерімен құттықтай отырып, Беларуссия елін азат етуде қатысқан ардагерлерге жүрекжарды лебізін жеткізді. Мереке соңында ардагерлер мен қонақтар қаламыздың танымал әншісі Ж.Омарованың орындауындағы әндерді тамашалап, көңілді тарқасты. Г.Әжібаева.

Комментарии закрыты.