Ескерткіш ашылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 2-4 маусым аралығында Латвия Президенті Андрис Берзиньш Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар барысында жексенбі, 2 маусым күні саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Латвия азаматтарына арналған ескерткішті ашу жоспарланған. Ашылу салтанаты Латвия мемлекеті басшысының қатысуымен Қарағанды облысының Спасск елді мекенінде өтеді.
Сапардың ресми бөлігі 3 маусымда басталады. Сапар кезінде А.Берзиньштың Қазақстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланған.
Латвия Президентінің ресми сапары Қазақстан мен Латвияның саяси әрі экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша серпін береді.