Облыс әкімінің сыйақысы тапсырылды

Қарағандыда «Expo camp Karagandy-2013» деген атаумен жастардың инновациялық жобаларының халықаралық көрмесі өтті. Онда тың ойлар ортаға салынып, арасында озық дегендеріне арнайы гранттар табысталды.

Жастардың инновациялық жобаларының халықаралық көрмесі тәуелсіздік алаңында әдемі флеш-мобпен ашылды.

Облыс бойынша жас өнертапқыштар арасында ұйымдастырылған үздік жоба байқауына барлығы 40 ұсыныс түссе, соның 25 көрмеге қатысуға жолдама алыпты. Ішінен озық шыққан екеуіне облыс әкімінің 1 миллион теңгелік гранттары табысталды. Оларды ауаны жердің энергиясы арқылы бөлмеге жылытып жіберуді және күн көзінен үздіксіз электр жарығын алатын әмбебап станция ойлап тапқан Қарағанды политехникалық университетінің студенттері иеленді. Қанатқақты жобаларға жергілікті компаниялар да қызығушылық танытып, меморандумдарға қол қойылды.

Қазақстандық жастардың ғылыми-инновациялық жобаларын тамашалау шетелдік компаниялардың да қызығушылығын тудырды.

Комментарии закрыты.