Құрметті жерлестер! Қымбатты балалар!

Баршаңызды жадыраған жаздың алғашқы күнімен ізгілік нұрын шашып келетін Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн — балалардың әрдайым қамқорлықта болып, үлкендердің олар үшін жауапкершілікте екендігін еске салатын күн. Сондықтан Ұлт көбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын» деп атап өткендей, біздің елімізде балаға деген қамқорлық ешқашан назардан тыс қалған емес және өскелең ұрпақтың ақылды, дені сау болып өсуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Өйткені, Қазақстанның жарқын болашағы – ол бақытты балалар!

Қымбатты балалар, біз сендердің парасатты, білімді, еңбек сүйгіш, Отанымыздың нағыз патриоттары болып өсетіндеріңе сенімдіміз. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал, жүректеріңе тек мейірім мен шапағат сезімі ұяласын.

Бейбіт күн астында балалық шақ қуаныштарына тоймаңдар. Денсаулықтарыңды шыңдап, жазғы демалыстарыңды көңілді және қызықты өткізулеріңе тілектеспіз!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі А.Ыдырысов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай.

Комментарии закрыты.