Балалар мерекесі

Балалық шақ – адам баласының ең бақытты, ең шуақты, ұмытылмас кезі.

Балаларды қорғау күніне арнап балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, №1 мектептің 4 «А» сынып оқушылары, «Балбөбек» үйірмесінің мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесіп «Кел, балалар, оқылық!» ұранымен «Кітап – ең әділ, шыншыл, сенімді досың» тақырыбында флеш-моб ұйымдастырып қайтты.

Кітапханашылар балаларға қызықты ертегі кітаптары мен журналдарын насихаттап, жұмбақтар мен ертегілердің кейіпкерлерін жасырып, қызықты ойындар ойнатты.

Ұйымдастырушылар балғындарды төл мерекелерімен құттықтап, тәтті сыйлықтар таратты.

«Балбөбек» үйірмесінің мүшелері Танаш Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» ертегі желісінен қысқаша көрініс қойды. Балалар өз кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты. Бұл іс-шарадан балалар үлгі алып, үлкен әсермен тарқасты.

Л. Ашимова, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері.

Комментарии закрыты.