Сауықтыру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Өткен жылы Сәтбаев қаласы бойынша жазғы мезгілде мектеп жанындағы лагерьде 2000 бала сауықты. Сәтбаев қалалық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарының қатысуымен мектеп жанындағы сауықтыру лагерлеріне 17 жоспарлы және 23 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Бірінші ауысымда, яғни 4-21-ші маусым аралығында 10 мектеп жанындағы лагерде (ОМ №1, 2, 3. 4, 12, 15, 16, 19, 27 С.Сейфуллин атындағы гимназия) 1045 бала сауықты. Екінші ауысымда (26.05-15.06) 885 бала сауықты. Үшінші ауысымда 22-ші шілдеден 08-ші тамызға дейін №25-ші мектеп жанындағы лагерде 70 бала сауықты.

Сонымен қатар Жезқазған қаласының сыртында орналасқан «Орленок» лагерінде «Мерей» балалар үйінен 25 бала, «Балалық шақ» балалар үйінен 38 бала сауықты.

Ағымды жылда №1, 2, 3, 4, 5, 12, 14, 15, 16, 19, 27 орта мектептерде және С.Сейфуллин атындағы гимназия жанынан ашылған лагерлерде балалардың сауықтырылуы жоспарланып отыр. Балалардың сауықтыру ұйымдары ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31.02.2012ж. бекітілген «Санаториялық және сауықтыру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №178 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қорытындысы бойынша ашылады.

А.Алькенова, «Сәтбаев қаласы бойынша МСЭҚБ» ММ бас маманы.

Комментарии закрыты.