Ас беріліп, құран оқылды

Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің ұйымдастыруымен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен қазақ тарихында қаралы жылдар болып есептелетін Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен нәубет жылдары шейіт болғандарды еске алу мақсатында мешіт асханасында қала ақсақалдары мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне арналып қайырымдылық дастархан жайылды.

Қайырымдылық асқа шақырылғандар алдында мешіт қызметкері Сембіғали Нұрғалиев талай қазақ зиялыларын жалмаған кеңестік заманның залалы мен әкелген қайғы — қасіреті жайлы айтып, Құран оқыды. Қала ақсақалдары Сабыр қажы Омаров, Тұрлыбек қажы Байтіков ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінді өз көзімен көргендердің аузынан естігендерін жеткізіп, мұндай зұлым тәуелсіз қазақ елінде болмасын деген ниеттерін білдірді.

Астан бұрын күндердің сұлтаны – Жұма намазында мешіттің бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Саяси қуғын — сүргін құрбандары мен нәубет жылдары ашаршылықтан көз жұмғандарға арнап Құран бағыштады.

Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.