Қазақмыс

Бақытым, байлығым даламда, Құт қонған ежелден қазақпыз. Атымды әйгілеп ғаламға, Даңқымды шығарды «Қазақмыс». Жылытып шұғылы жалыны, Нұр өріп төсінен, кен өнген. «Қазақмыс» – арқаның алыбы, «Қойнауы» қазына тірелген. Тер төккен тасына ұлы аға, Бұл өлке қашаннан киелі. «Қазақмыс» – бұл Қаныш ғұлама, «Қазақмыс» – бұл Қаныш түлегі. Қуансам ағайын тақпа айып, Шындықтан кезім жоқ көз жазған. «Қазақмыс» – жаңарған жезқазған. Мекенім өзіңсің мақтанар, Туған жер көркіңнен айналам, Кен сарай тізілген шахталар, Сары мыс сақырлап қайнаған. Шалқыған жаһанға байлығы, Өскенін еңсемнің көрсін ел. «Қазақмыс» – мысшылар әйгілі, «Қазақмыс» – қаһарман кеншілер. Көк тіреп тәкаппар мұржасы, Қарасам қоймайды тамсантпай. Дәуірдің көне көз құрдасы, «Қазақмыс» – бұл сонау Қарсақпай. Дәріптеп ғаламға аттарын, Бәрін де тарих бағалар. «Қазақмыс» – кемеңгер қарттарым, «Қазақмыс» – ардагер ағалар. Жұлдызы жанады өлкемнің, Жетелеп қияға жол алшақ. «Қазақмыс» – ғажайып ертеңім, «Қазақмыс» – бақытты болашақ. Мұса Тілеуов.

Комментарии закрыты.