Әртүрлі мәселелер қаралды

Өткен аптада Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті 17 сессиясы өтті. Оған қалалық мәслихаттың депутаты Айгүл Төлендина төрағалық етіп, қала әкімі Асқар Ыдырысов, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Алмагүл Өсерова, мәслихат хатшысы Серік Имамбай, депутаттар мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты жеті мәселе қаралды. Негізгі «2012 жылға арналған Сәтбаев қалалық бюджетінің атқарылуы туралы» сұрақ бойынша қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас Бекетов есеп берді. Осыған қатысты тексеріс барысында анықталған кемшіліктер жайында А.Өсерова баяндама жасады.

Одан әрі сессияда «Қалалық мәслихаттың депутаты И.Велиевтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату», «Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі XXVI сессиясының №311 шешіміне өзгерістер енгізу», «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 20 тамыздағы XXVIII сессиясының №347 шешіміне өзгерістер енгізу», «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің құрылымын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XXXI сессиясының №398 шешіміне өзгеріс енгізу», «Қалалық мәслихаттың 18 сессиясының редакциялық комиссиясын сайлау туралы» мәселелер қаралды.

Барлық қаралған сұрақтарға сәйкес сессия шешімі қабылданды. Қалалық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып депутат Сұлтанбек Мырзақоңыров сайланды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.