4 «Алтын белгі», 4 ерекше аттестат

– Биыл кеншілер қаласындағы орта мектептерді 427 бала бітіріп отыр. Олардың 277-сі ҰБТ-ны таңдады. Тестлеудің алғашқы күні осы түлектердің 145-сі сынақтан өткен еді. Олардың қатарында 15 «Алтын белгіге» үміткерлеріміз болды. Солардың үшеуі өз білімдері мен біліктерінің арқасында «Алтын белгіні» қорғап шықты. Жалпы, мектеп түлектерінің 19-ы «Алтын белгіге», 10 түлек ерекше аттестатқа үміткер болған.

7 маусым күнгі сынаққа 131 бала келді. Олардың 4-еуі «Алтын белгіге» үміткерлер еді. Өкінішке орай ортадан озып шыққандар болмады. Рас, үш оқушының «Алтын белгіге» бір баллдары жетпей қалды. Өкінішті, әрине. Бірақ, ҰБТ талаптары бойынша бұл оқушылар ерекше аттестат иелері болып саналады.

Былтырғы жылғы түлектеріміз намысты қолдан бермеуге тырысқан болатын. Облыс бойынша грантқа түскендердің алдыңғы қатарынан көрінген едік. Әрине, биылғы көрсеткіштеріміз де жаман емес. Түлектеріміздің алды 119 баллға қол жеткізді. Атап айтқанда, Наталья Консиярова (119), Артем Кожухов (118), Алина Валимухаметова (112) және Нұрлыхан Таева. Бұл оқушылардың бәрі де С. Сейфуллин атындағы гимназияның түлектері, Ал, екі күнгі сынақта төрт оқушымыздың «Алтын белгіге» бір-бір баллдары жетпей қалды. Олар ерекше аттестатқа ие болады, – дейді Шынар Қаппасқызы.

Иә, «бап шабады ма, бақ шабады ма» деген осы. Түлектерге енді үлкен өмірде сәттілік тілейміз.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.