Елбасының оң шешімі

«Жасымызда – бейнет бер, ұлғайғанда – зейнет бер», деген сөз бар дана халқымызда. Төккен тер мен адал еңбектің қазіргі күнгі өлшемі – зейнеткерлікке қол жеткізу.

Былтырғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында зейнетақы жүйесін жаңартудың тың бастамалары қажет екендігін айтты. Содан бері әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63-ке дейін ұлғайту мәселесі өткір де өзекті тақырыпқа айналды. Заң жобасы да әзірленді.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы Заң жобасын кері қайтарған Президент бұл шаруаның ат үсті қаралғанын, бір қайнауы ішінде жатқан Заңды әлі де болса толықтыру қажеттігін айта келе, әйелдердің зейнетақы жасын кезең-кезеңмен ұлғайту 2018 жылға қарай жүзеге асыру міндеті қойылды.

Ауыр жұмыста еңбек етіп жүрген кенді өлкенің нәзік жандылар үшін Елбасының бұл шешімі құптарлық жағдай болды. Елбасы тағы да өз кемеңгерлік саясатының нәтижесінде оң шешімін шығарғаны мені қуантты.

Осы орайда Елбасының еліміздегі әйелдердің әлеуметтік жағдайына аса мән бергені біз үшін зор мәртебе.

К.Бексейітова, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Комментарии закрыты.