Көңілімізден шықты

Қай кезде де болмасын туындаған мәселенің оң шешімін шығарып, әділдігін айтатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев зейнетақы саласын жаңғыртудағы кейбір тұстардың әлі де болса шикі екендігін сынға алып, халықтың алаңдаушылығын сейілтті. Сөйтіп, Елбасы бұл сында да халықтың мүддесін қорғап, жанынан табылды.

Кемеңгер саясаткердің бұл шешіміне өз басым қатты қуандым. Себебі, екі-үш жылдан соң зейнеткерлік жасқа жетіп, бейнетімнің зейенетін көремін деп отырғанда, саланы реформалау қолға алынып, зейнеткерлік жасты ұлғайту мәселесі көтерілді. Әрине, зейнет жасы жақындап қалғанда уайымдағаным рас. Дегенмен де аржағымда осындай бір жақсы сенім болып еді.

Халықты біраз ойландырған түйіткілді мәселенің түйінін тарқатып берген Елбасына айтар алғысым шексіз.

Г.Жансүгірова, қала тұрғыны.

Комментарии закрыты.