Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Қымбатты медицина ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз !

Ақ халатты абзал жандардың кәсіби шеберлікті, адалдықты және ізгілігі мол адамгершілік қасиеттерді талап ететін жауапты да күрделі еңбегі қай уақытта болсын жоғары бағаланады. Әуел бастан жер жүзіндегі ең адами кәсіпті таңдаған Сіздер, бар ғұмырларыңызды адам өміріне араша тұрып, халықтың денсаулығын сақтау ісіне арнаудасыздар.

20130614_01_1

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында атап өткендей, ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі. Осы қағидатты алға қоя отырып, біздің елімізде денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру бойынша реформалар өз жалғасын табуда және халықтың денсаулығын жақсартуда елеулі табыстарға қол жеткізілді. Кеншілер қаласының медициналық қауымы да күнделікті еңбегімен заманауи медицинаны дамытудың басым бағыттарын іске асыруға сүбелі үлес қосып келеді.

Бүгінгі жарқын мереке күні осы күрделі де ерекше парасаттылықты қажет ететін мамандық иелеріне кәсіби борыштарына адалдығы және жүрек жылулары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің білімдеріңіз, күш-жігерлеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз келешекте медицинаның озық дәстүрлерін сақтауға және молайтуға, халық денсаулығын нығайтуға бағытталады деп сенеміз.

Сіздерге және жақындарыңызға ең бастысы – денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр және барлық игі бастамаларыңызға табыс тілейміз. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов

Қалалық мәслихат хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.