Лебізі де емі де жанға жаққан

2005 жылдан бастап Жезқазған қаласындағы орталық емханада екі көзім бірдей ауырып емделіп жүрмін. Бастапқыда бір көзім катарактаға шалдығып, Алматыға барып, хрусталь салдырдым. Үш-төрт жыл болды көзім көрмей қалды. Екінші көзіме «Самсунг» орталығына Астанадан келген маманға қаралып, хрусталь салдырдым. Алайда, көмегі болмады. Тек табан жолымды ғана көремін.

Кейінгі жылдары осы көп салалы емхананың көз аурулары бөлімінде емделіп жүрмін. Бөлім меңгерушісі Гүлниса Мұстафинаға жағдайымды айтқан күннен бастап, қолдан келген көмегін аямай келеді. Алғаш барған кезде «Жанарыңыздың нұры солмас үшін қолдан келгенді жасаймыз», деп өмірге деген құштарлығымды оятты. Көзімнің жанары қайта келмейтінін сезсем де, оның жылы лебізі қуат берді.

Бұрынғы кездердегідей емес, қазір алған емнің арқасында жақсымын. Жылы лебізі мен шипалы қолдарынан дарыған емдері оң әсерін беруде.

Гүлниса Шакимұратқызына алғысым шексіз. Қарындасымыздың еңбегіне табыс, деніне саулық тілеймін.

Оның қарамағындағы медбикелердің қамқорлығына да дән ризамын. М.Аманова, З.Қуанышова, С.Айтенова, Р.Ермашоваға ағалық алғысымды білдіре отырып, отбасына бақыт, еңбектеріне жеміс тілеймін.

Барлық дәрігерлер мен медбибілерді төл мерекелерімен құттықтаймын.

Қаратай Нұрғалиев, І топ мүгедегі. Жезқазған кентінің тұрғыны.

Комментарии закрыты.