«Елбасы саясаты — ел болашағы үшін»

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында осы  тақырыпта басқарма қызметкерлерімен отырыс өткізілді. Тақырыпқа сәйкес қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас  қазынашысы баяндама жасады.

– Тәуелсіз Қазақстан жаңа тарихында өзінің қоғамдық дамуының жаңа сапалық кезеңіне өтті. Оны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауынан нақты көреміз. «Қазақстан-2050»  Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты құжат еліміз үшін аса маңызды бағдарлама болып табылады.

Құжаттың айырмашылығы – оның жаңашылдық рухқа толы болуы. Ол ХХI ғасырда төніп тұрған жаhандық он сын-қатерді сипаттай келе, осындай жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындайды. Сондай-ақ, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизмді алға қояды. Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды талап етеді. Жолдауда мемлекеттік аппараттың бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құру қажеттігіне ерекше ден қояды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңаша дамуына қызмет етеді. Барлық сыртқы және ішкі қиыншылықтарды, қайшылықтарды шеше отырып, Қазақстан міндетті түрде әлемдегі ең озық мемлекеттер қатарына кіреді. Қазақстан халқын Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құруға шақырады. Тек еңбектің арқасында ғана күшті экономикаға, білікті халыққа, әділет пен ізгілік салтанат құрған қоғамға жете аламыз,– деп қорытты баяндамашы.

Отырыста басқарма қызметкерлері  О.Қалиева,  Б.Оразғұлова сөйлеп, ел дамуының жаңа кезеңін анықтап берген тарихи құжат туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.