«Байланыс биржасы»
Экономикалық сауда байланыс биржасын ұйымдастыру мақсатында өңірімізге Словакиядан елшілік келді. Іскерлік қарым-қатынасты орнатуға Қарағанды өңірінен 70-тен аса акционерлік орталықтар қызығушылық танытқан.
Делегацияның басшысы, іскерлік сапарды ұйымдастырушы – Словакия Республикасы Халық кеңесі төрағасы Павел Пашка. Өкілдер Қарағанды облысының индустриялды-экономикалық өндіріс ошақтарына қызығушылық танытты. «Байланыс биржасы» форматында екіжақты келісім жүргізу барысында Словакия республикасынан орталық өңірдің экономикасына талдау жасап, өңіріміздің біраз серіктестік компанияларымен келісімшарт орнатты.
Делегация құрамындағы 28 компания әр салада өз өнімдерін жарнамалады. Байланыс орнатуда өндіруші компаниялар тарапынан сұранысқа түсуші салалар энергетика, альтернативті энергетика, құрылыс ісі, машина жасау өнеркәсібі, қорғаныс өнеркәсібі, темір жол байланыстары басты назарда. Экологиялық технологиялар, хрустальді өнімдер шығару өндірісі мен қатар арнайы аяқ киімдер шығарушы компанияларға сұраныс жоғары екенін ерекше ескертті. Жиын барысында Словакия елшілігімен екіжақты келісімге қол қойылды. «Шахтинск Жылу Электр Орталығы» модернизациялық өнеркәсібі мен Словакия Республикасының «ФОТОВОЛЬТ Кошице» акционерлік қоғамы іскерлік байланыс орнатты. Іс жүргізуде «IEG «ISTROENERGO GROUP» және «Шахтинскэнерго» ЖШС екіжақты келісім арқылы өнімдерін нарықтық өндіріске бірлесе ұсынатын болады. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастықты орнатуда Саран қаласы және қалалық әкімшілік арасында «Кошице Фотовольт» акционерлік қоғамымен байланыс орнатуда екіжақты келісімге қол қойылды.
Интернет материалдарының негізінде дайындалды.