Сот жұмысы жүйелі

Қарағанды облыстық соты төрағасының бастамасымен барлық деңгейдегі соттарда тұрақты түрде «Ашық есік күнін» өткізу шарасының жүзеге асып келе жатқанына үш жылдың көлемі болды. Осы уақыт ішінде  Сәтбаев қалалық соты судьяларына қаншама тұрғындар жүгініп, мәселелерінің оң шешімін тапты.

Сот пен халықтың арасын жақындатып, төреліктің ашық, әділ, таза болуын мақсат еткен бұл шара біздің сотта да айына бір рет өткізіліп тұрады.

– «Ашық есік күніне» алғашқы жылдары келушілер көп болатын, ал, соңғы уақытта бірең-сараң ғана. Бұл да болса жақсылықтың нышаны деп ойлаймын. Демек, азаматтардың сұрақтары дер кезінде қаралып, шешіліп жатыр деген сөз. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері өзім де жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткіземін. Сондықтан да болар, арыз-шағым айтып келушілер жоқтың қасы, – дейді қалалық соттың төрағасы Руслан Мұқатаев. – Бұл орайда, әрине, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстың рөлі айрықша. БАҚ-пен жұмыс істеуде өткен жылдың қорытындысы бойынша да, осы жылдың І тоқсанында да біз алдыңғы орында келеміз, – деп жалғастырды Руслан Қалиақпарұлы.

Тоқсан сайын жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізіліп тұратын баспасөз конференциясы, кейде жоспардан тыс болып қалатын кездесулер, семинарлар сот жүйесі жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.