Сауда мәдениетіне көңіл аударғым келеді

Сауда мәдениетіне көңіл аударғым келеді. Бізде тұтынушы құқығы кей кездерде еленбей жатады. Мәселен, кейбір нан сататын сауда орындарында нанды қалтаға салып берсе, енді біреулері қолыңа ұстата салады. Ал көп уақытта тауарды қалтаға салуды өтінсең, әр қалтаны сатушылар 1 теңгеге бағалайтынын көпшілік білетін болар. Нанды қалтаға салу тазалық жағынан да дұрыс. Неге барлық кәсіпкерлерге бірдей нан өнімдерін қалтаға ақысыз салып беруді талап етпеске? Н.Бушманова, қала тұрғыны. Сіздің «Әкімге айтарыңыз болса» айдарына жолдаған өтінішіңізге байланысты нан және нан өнімдерін сату кезінде бөлшек сауда саласындағы шағын және орта бизнесті субъектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірде №371 қаулысымен бекітілген ішкі сауда Ережесін және басқа да санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды басшылыққа алатынын хабарлаймыз. Жоғарыда аталған ішкі сауда Ережесінің 6 тарауының 2 параграфыеа (нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатуға қойылатын талаптар) сәйкес, нан өнімдерін міндетті түрде полиэтиленді пакеттерде орап сату міндетті деп көрсетілмеген. Осыған байланысты, полиэтиленді пакеттердің құны тауар бағасына енгізілмейді. Өз тарамызыдан халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында нан және нан өнімдерін сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлерге нан өнімін полиэтилен қалталарда сату жөнінде ұсыныстар жиі берілді. С.Т.Медебаев. Сәтбаев қаласының әкімі. Мен – Алтай Калкулов, бүгніде Жезқазған кентінде тұрамын, зейнеткермін. 1960-1990 жылдары заготконторда жұмыс істедім. Зейнеткерлікке 2006 жылы жасыма байланысты шықтым. Маған 9900 теңге көлемінде зейнетақы тағайындалды. 2008 жылы зейнетақым 12110, ал 2009 жылы 16000 теңге болды. Қарап отырсам, үйде отырған, өмір бойы жұмыс істемегендер де, отыз жылдан астам еңбек еткен мен де бірдей зейнетақы аламыз. Сонда менің 30 жыл бойы Үкіметтің малын бағып, қанша ауыртпалық көргенім есепке алынбағаны ма? Осыған ішім удай ашып, жақында зейнетақы тағайындау орталығына барып, басшысы Анаркүл Жетесоваға жолыққан едім. Ол сөзіме құлақ та аспады. «Не істеп, кімге барамын десеңіз де сіздің еркіңізде, бірақ қалай тағайындалды, солай болады» деп шығарып жіберді. Енді кімге барып, кімнен кеңес аларымды білмеймін. Менің мәселемді белгілі азаматқа жүктеп, көмек беруіңізді сұраймын. А.Калкулов, зейнеткер. Сізге Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 мамырдағы №136-1 Заңының 9 бап 1 тармағына сәйкес, Сәтбаев қалалық зейнетақы бөлімшесі, жасыңызға байланысты зейнетақыңызды және жасыңызға байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыңызды 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, нақты зейнетақыңыз 6700 теңге, базалық жәрдемақыңыз 3000 теңге көлемінде тағайындаған болатын. Зейнетақыны тағайындай кезінде Сіздің еңбек өтіліңіздің 19.07.1962ж. – 07.09.1994ж. аралығындағы мерзімі алынған. Зейнетақыны есептеу кезінде жалпы еңбек өтілі – 30 жыл 10 ай 15 күн құрады. Жоғарыда аталған заңға сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге, оның ішінде ер адамдарға 25 жыл еңбек өтілі мен 1995 жылдан бері – 3 жылғы (36) айлық орташа еңбекақысы есептеледі. Сізге, орташа айлық табысыңыз болмағандықтан, зейнетақыны орташа айлықсыз тағайындаған. Себебі, Сіз 1994 жылдың 7-ші қыркүйегінен бастап жұмыс істемегенсіз. Сіздің ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап негізгі зейнетақыңыз 10270 теңге, базалық әлеуметтік жәрдемақыңыз 5487 теңге, барлығы 15757 теңгені құрап отыр.

Комментарии закрыты.