Көрмеге веложарысшылар да үн қосуда

Францияның Савойя қаласында «Астана ЭКСПО-2017» жобасының құрметіне «Sun Trip» веложарысы бастау алды.

Енді шабандоздар қыркүйектің 28-не дейін Қазақстан астанасына табан тіремекші. Күн панелі арқылы жұмыс істейтін алғашқы велосипедтермен жарысқан 30-ға жуық қатысушы осылайша «ЭКСПО-2017» – «Жасыл энергия» бастамасын қолдады.

Ал, бәйгені тамашалауға француз шенеуніктері, қала тұрғындары мен Қазақстан елшілігі арнайы ат терлетіп жетті. Себебі, бәйгеде ел намысын жас жиһангез Асқар Сызбаев қорғайды. Жарыстағы жалғыз қазақстандық күніне 150 шақырымды бағындырамын деп бекініп отыр.

Комментарии закрыты.