Қызыққа толған мереке

20130621-12-2Жаз мезгілі каникулға шыққан мектебіміздің оқушылары үшін думанды шаралармен басталды. №27 мектеп ауласы дуылдаған үлкенді-кішілі балалардың шуылына толды.

«Мектеп ауласын әшекейлейік!» деген атпен дуалдарға сурет салу шарасына ата-аналар, сынып жетекшілері, оқушылар жаппай қатысты. Олар алдымен мектеп сыртын қоршап тұрған дуалдарды әктеді. Сонан соң, оқушылар мен ата-аналар қалаған тақырыпта суреттер салды. Бірі шашыратқыш бояу қолданса, бірі түрлі-түсті коллер мен эмульсия қосылған бояу, гуашь пайдаланды. Олар алдымен дуалдағы суреттер табиғат құбылыстарына төзімді болып, өшіріліп қалмауына көп көңіл бөлді.

Әсем табиғат көрінісін бақытты балалық сәттерін бейнелеген, салауатты өмір салтын, достық пен ынтымақтастықты насихаттайтын суреттер салынған дуал әп-сәтте түсті кілемге айналды.

Өз еңбектеріне көңілі толған балаларды мерекелік тәтті сыйлықтар қуантты. Кәсіпкер, «Жан Жанар» дүкенінің иесі А.Нұрмұхамедова балаларға балмұздақ таратты.

Оқу ісінің меңгерушілері Қ.Әлжанова мен С.Сариева мерекенің қорытындысын жариялады. Бәріне алғыс айтып, ең үздік деп танылған жұмысты атап, 2 «Б», 1 «В», 4 «Ә»,5 «Б», 6 «А» сыныптарын жүлделі орындарымен құттықтап, марапаттады.

Ә.Құлашова.

Комментарии закрыты.