Белсенді демалу мезгілі

20130621-12-1Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында құрылған қаламыздағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңының бірінші маусымының ашылу мерекесі болды.

Астана қаласының 15 жылдығы және Сәтбаев қаласының 40 жылдық мерейтойына арналған ашылу салтанатында әр топ ұрандарын, санамақтарын айтып өз топтарын таныстырды. Сауықтыру алаңының басшысы Ж.Барекенова демалушылардың әр күнді қызықты да, көңілді өткізулеріне тілектестігін білдірді.

«Балдәурен», «Сұңқар», «Еркетай», «Жігер» «Балбұлақ» атты бес топтан құралған сауықтыру алаңында мектептің 100 оқушысы демалуда. Оның негізі қамқорлыққа алынған, аз қамтылған, көпбалалы, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасының балалары. Балалар ерекше көңілмен лагерь маусымының ашылуына қатысып, ән айтып, би биледі. Соңы би кешіне ұласқан маусымның ашылуы көптеген қызықты әсерлерімен лагерьдің бірінші маусымына қуат, жігер берді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.