«Күншуақтан» – Бас жүлдемен!

20130621-06-3Оқушылардың жазғы демалысына қарай ұйымдастырылған, 1- 7 маусым аралығында Алматы қаласында өткен Х Халықаралық «Күншақ» фестиваль-сайысында Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері жоғары дәрежеден көрінді. Олар қаламыздың ғана емес, облысымыздың да абыройын қорғап, қаламыздың атын тағы бір мәрте көкке көтерді.

«Жұлдыздар» үйірмесінің тәрбиеленушісі Аяулым Қайырбек осы сайыстан бас жүлдемен оралды. Ол Ш.Қалдаяқовтың «Отырардағы той» және С.Бәйтерековтің «Сәлем, саған, туған ел!» атты әндерін орындаған болатын. Аяулымның жетекшісі «Жұлдыздар» үйірмесінің жоғарғы санатты қосымша білім беру ұстазы Құрманғали Ташетов. Осы сайыста Оқушылар сарайының «Лашын» би тобы «Хореография» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленіп қайтты. Жетекшілері – Жанна Бектурова мен Татьяна Карунту.

Жас өнерпаздарымыздың алдағы уақыттарда үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.

Маржан Жалбырова, Оқушылар Сарайының көркем-музыка бөлімінің меңгерушісі.

Комментарии закрыты.