Жеңіспен оралды

20130621-06-2Білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарына тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізеді.

Бұл бағытта қаламыздағы №16 жалпы білім беретін орта мектепте «Шебер қолдар», «Ырғақ», «Кәусар бұлақ», «Әнші әліппесі» сияқты үйірмелерге оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып, нәтижелерін де көрсетуде. Соның бір айғағы маусым айының басында Алматы қаласында өткен X «Күншуақ» халықаралық фестиваль — байқауына мектептің бір топ оқушылары хореография және вокал бөліміне қатысып жеңіспен оралуы. Байқауға екі биді дайындап барған 3 сынып оқушыларынан құрылған «Ақжүрек» би тобы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, мектебіміздің 1 сыныбын озат аяқтаған Арыстанбекова Әсемай вокал бөлімінде «Үкілі үміт» номинациясына ие болды. Осы жеңістерімен бірге ұстаздарын мектептің тағы да бір оқушысы Игілік Нүрайым Қарағанды қаласында өткен «Маленькая принцесса – 2013» байқау-сайысында вокалдан І орынды иемденіп қуантты. Оқушылардың өнерлерін асқақтатуға зор үлес қосып, жетекшілік жасаған ұстаздары Қ.Ташетов, А.Күлшекенова, Т.Карунту, Л.Мадишева, Г.Садуақасова және де мектеп директоры Қ.Смайлов байқаудың ұйымдастырушылары атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылар мен ұстаздардың осындай жетістіктерге жетуіне демеушілік жасаған ата-аналарға алғысымыз зор.

Г.Бокаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.