Учаскелік инспекторыңызбен таныссыз ба?

20130621-05-4«Учаскелік полиция инспекторларының атқаратын қызметі қандай?» деген сұрақ кез-келген адамның көкейінде болуы мүмкін. Байқап қарасақ, өз аумағындағы қылмыстың дер кезінде ашылуы, қылмыстың алдын алу, жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бұл тікелей учаскелік полиция инспекторларына байланысты.

Олар сол аумақтың қыр-сырын, ой-шұқырын бес саусақтай білуі қажет. Қарап отырсақ әр учаскелік полиция инспекторы өздері қызмет ететін аумақтағы бар жағдаймен хабардар болып, барлық ақпаратты біліп, халықпен тікелей байланыста болу керек.

Осы бағыттағы атқарылған жұмыстардың нәтижелілігін білу үшін поселкедегі полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары аға учаске инспекторы Қайрат Ахметов пен оның көмекшісі Қуаныш Жұмабаевты да әңгімеге тартқан едік. Олардың айтуынша аталмыш учаскелік инспекцияға Жезқазған поселкесі мен Весовая, Кристовскии және Перевалка елді мекендері, сондай-ақ, бүгінде көшіліріп жатқан ГРП қарайды екен. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторлары қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мен оның жолын кесуде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде бірқатар іс-шаралар атқарған.

– Жалпы әкімшілік аумақта 2400-ден астам тұрғын бар екен. Олардың қатарында әртүрлі азаматтар бар. Бұрын сотты болғандар, түзеу мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандар, отбасы тұрмыстық қатынаста құқықбұзушылар, спирттік ішімдіктерге құмар және нашақорлар, сотты болғандардың формалды белгілері бойынша әкімшілік қадағалауға және әкімшілік қадағалауда есепте тұрғандар осы аймақта көп шоғырланыпты. Міне, сол топтармен жұмыс істеу мақсатында қылмыстың алдын алуда, отбасы-тұрмыстық қатынаста қылмыстың қайталануының алдын алуға бағытталған мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған тұлғаларға қатысты жедел алдын алу шараларын өткізген. Осы атқарылған жұмыстардың арқасында қылмыстар саны азайып, аймақта қоғамдық тәртіп қалыпты жағдайға түсіп келеді, – дейді учаске инспекторлары.

Комментарии закрыты.