Кезекшілік бөлім

20130621-05-3Қай саланың болмасын кезекшілік бөлімі сол ортаның күре тамыры іспетті. Өйткені, кез-келген ақпарат сол кезекшілік бөлім арқылы жетеді. Ал, ішкі істер саласында олардың орны тіптен ерекше. Түрлі қылмыстар мен қауіп-қатердің алдын алу үшін не болмаса жанына араша іздеген адам ең алдымен осы кезекшілік бөлімге телефон соғады. Ал, онда отырған азаматтар нағыз өз істерінің білгірі ғана емес елгезек болулары да қажет. Міне, осындай қасиеттердің бәрі бойына жинақталған азамат Жезқазған поселкелік полиция бөлімшесінің кезекшілік бөлімінің қызметкері Нұрлан Алшынбаев.

Өзінің еңбек жолын 1993 жылы Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінде бастаған Нұрлан 20 жыл бойы осы салада үздіксіз қызмет етіп келеді. Алғашқыда мемлекеттік автоинспекцияда қызмет етіп, өзіне мол тәжірибе жинақтаған ол 1998 жылы кезекшілік бөлімге ауысты. Ал, 2010 жылдан осы Жезқазған поселкесіндегі полиция бөлімшесінде тер төгіп жүр.

Нұрланның берген жедел ақпараттарының арқасында аймақтағы түрлі қылмыстық істердің алды алынып, қылмыскерлер құрықталды. Сондықтан да болар әріптестері оны «біздің көзіміз бен құлағымыз» деп ерекше құрмет тұтады.

Комментарии закрыты.