Бас бәйге – теледидар

Шілденің 15 жұлдызынан бастау алған «Сәтбаев жұлдызы» жобасы, жексенбі күні ақын Шынболат ағаның атындағы ақ сарайда ақтық мәресі өтіп, қала жұлдызы анықталды. Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімі және жергілікті «Сәтбаев телеарнасының» ұйымдастыруымен өткен бұл жобаға қызығушылылық білдіріп, қатысам деушілер аз болмапты. Бірақ, бұл күнгі сайысқа тек өнерлілердің арасынан іріктеліп, жүзден озған З.Сүлейменов, М.Ахасова, А.Бейсенбеков, М.Макаров,Т.Боранов, З.Шахманова, Д.Садырбекова, С.Шалқарова Р.Такишев және А.Шаймерденова жолдама алыпты. Бұл күнгі кешке өз өнерлерін ортаға салып, бәйгеге ат қосқан өнерлілер және олардың жанкүйерлері жиналыпты. №19 мектебінің «Жұлдыздар» бишілерінің салтанатты ашылған би шашуынан соң сайыскерлер жарысын бастап кетті. Жастардың өнерлерін саралап, бағалаған қазылар алқасының назарында сахна төрінен орын алған өрендердің мәдениеті, әртістік өнері мен киім үлгісі, сондымен қатар дауыс ырғағы, нақышына келтіріп айтуы да сараланып отырды. Өнерлерін барыншы салған әншілер ғана емес орталарында цирктік қойылыммен келген «Колейдоскоп КZ» труппасы сайыстың сәнін аша түсті деуге болады. Түрлі акробаттық әдістермен көрінісін ортаға салған жас қыздың икемі өзіне жарасып-ақ тұрды. Сонымен, қорытынды бойынша «Сәтбаев жұлдызы» – «Колейдоскоп КZ» труппасы атанып, бас жүлдеге теледидарды қанжығасына байлады. Кеш соңында қазылар алқасының атынан сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы К.Сағындықова жастарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Сәтбаевтың жаңа жұлдызын құттықтаған достары мен мерекеге жиналған жастар көңілді тарқасты. Г.Әжібаева.

Комментарии закрыты.