Бала еңбегін қанаудың жазасы бар

20130621-02-3Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің балар құқығын қорғау Комитеті еліміз бойынша бірінші маусым мен он екінші маусым аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» деген тақырыпта ҚР ақпараттық науқанының жұмысын жүргізді. Мұндағы мақсат – республика бойынша балалар еңбегін заңсыз пайдалануға тыйым салу.

Сәтбаев қаласы білім, денешынықтыру және спорт бөлімі он екі күндік аясында бірнеше іс-шаралар өткізіп, ата-аналар мен оқушыларға балалар еңбегін қанау заңсыз әрекет екендігін түсіндірді.

– Қазіргі таңда кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің еңбекте қаналуы үлкен мәселеге айналып отыр. Жазғы демалыстарында көп балалар ата-аналарымызға аз да болса сеп болсын деп, ауыр құрылыстарда, жекеменшік кәсіпорындарда еңбек етеді. Алайда, балалар өз құқықтарының аяқ асты болып жататынын түсінбейді.

Бала еңбегін қанаудың да жазасы бар екендігін естен шығармаған жөн.

Білім Министрлігінің бастамасымен өткен он екі күндік іс-шара аясында балалар еңбегін қанаудың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Көше және жеткіншек» рейдтерін, «Бала еңбегін заңсыз пайдалану – кәмелетке жасы толмағандарды саудаға салу» тақырыбында ата-аналарға арналған жиындар, «Бала еңбегіне сіздің көзқарасыңыз» тақырыбында сауалнамалар жүргізілді, – дейді білім бөлімінің әдіскері Гүлбану Хасенова.

Он екі күндік ақпараттық науқан жұмысының соңғы күнінде оқушылар мен ұстаздар қауымы тұрғындар арасында жасөспірімдердің еңбегін қанау заңсы әрекет екендігін түсіндіру үшін қала көшелерінде үндеу парақшаларын таратып, ақпараттар берді.

Б.Айтөреұлы.

Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.