Бүлдіршіндер әлемінде

20130628-12-1-120130628-12-1-2Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілгендей, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болып табылады. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы гимназия жанында  «Бүлдіршіндер әлемі»  атты  жазғы сауықтыру алаңы 3-маусым күні  салтанатты түрде ашылды.Салтанатты жиынға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Мизамбаева, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ф.Оразалина, гимназия психологы Э.Цхай және медбике А.Жангельдинова қатысты. Әсем безендірілген залға сап түзеп шыққан «Балапандар», «Балдырғандар», «Непоседы», «Винни-пух» атты топтар өз ұрандары мен топтарын таныстырды.

Балаларды жазғы сауықтыру алаңының ашылуымен әкімшілік тарапынан И.Мизамбаева құттықтап, жылы лебізін білдірді. Одан кейін сауықтыру алаңының басшысы Е.Панькова  іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Гимназия аспазшылары балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ететінін және түрлі дәруменді көкөністер  мен жемістер ,балмұздақ пен тәттілерден де кенде болмайтынын айтты. Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау әрі бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында қалалық «Оқушылар сарайымен» бірігіп жүргізілетін жұмыстың ретімен таныстырды.

Жиын барысында әр топ өз өнерлерін ортаға салды.Ертегі кейіпкерлерімен бірге топтық ойындар ойналып,ән шырқалды.Соңында барлығы бірігіп көңілді әуеннің ырғағымен би жаттығуын жасады.

Р.Естиярова, жазғы сауықтыру алаңының тәрбиешісі.

Комментарии закрыты.