Жастар орталығы – заман талабы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Ел дамуының бір бағыты – Қазақстанда адами капиталдық сапалы өсуі, яғни, білім берумен денсаулық сақтау» деп атап көрсеткен болатын.

Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша өскелең жастарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында Сәтбаев қаласының емханасының аурудың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде жастардың денсаулығын сақтау орталығы жұмыс істейді. Мұнда жастар мен жасөспірімдер бастарына түскен ауыртпалықтан қалай шығу жолдарын үйрене алады. Орталықтың білікті акушер-гинеколог, дерматовенеролог, уролог, нарколог, психолог мамандарынан ақысыз, кешенді ем алумен қатар, диагностикалық зерттеулерден де өтуге болады.

Сонымен қатар, мамандар қандай да болмасын аурдың алдын алу бойынша жан-жақты кеңес береді. Орталықта жұмыс істейтін заңгерден, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарынан да көмек ала аласыз. Кеңес алу уақыты шектеусіз, құпиялық сақталады.

Жастар денсаулығы орталығында оқу-семинарлар, салауатты өмір салтын насихаттайтын бейнефильмдер, бейне роликтер, дөңгелек үстелдер, лекциялар, конференциялар өткізіледі.

Біздің ұстанымымыз – сенімділік, тілектестік, қолжетімділік және еркіндік. Келіңіздер, есігіміз айқара ашық, күтеміз.

Анар Тоқсейтова, жастар орталығының медбикесі.

Комментарии закрыты.