Бейбітшілік ордасы

Сарыарқаның төсінде, Еуразия жүрегінде орналасқан еліміздің бас қаласы – Астана биыл 15 жасқа толды.

Бүгінде Астана түрлі халықаралық деңгейдегі шараларды өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 2010 жылы елордада 11 жылдық тоқыраудан кейін ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар, өткен жылы 7-ші қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де тұрақты өткізіліп келеді. 2013 жылы тамызда Қазақ елінің елордасында бокстан 17-ші әлем чемпионаты, ал 2014 жылы ауыр атлетикадан 81-ші әлем чемпионаты өтеді. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өткізуге барын салатын болады. Астананың іргетасы еліміздің ең ауыр әрі қиын жылдарында қаланса да үш жылдың ішінде әлемде сирек кездесетін сәулетті қала тұрғыздық.

Қазір мұны бүкіл әлем көріп отыр. Жаңа Елордамыз – Астананың құрылысы – посткеңестік кеңістіктегі ауқымы жағынан ең алып та жасампаз жоба болды. Көкпен таласқан зәулім «Бәйтерек», «Қазақ елінің монументі» «Салтанат Сарайы» т.б. – бүгінгі Астананың теңдесі жоқ қайталанбас келбеті. Астана әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Астананың бүгінгі көркіне небір өркениетті елдер, шетелдіктер таң қалуда.

Астана – ең алдымен азаттығымыздың, Қазақстанның қарқынды дамуының, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің символы. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айтқандай, «Астана арқылы біз жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық. Алайда, бәрінен бұрын бұл қаланы өзіміз үшін, өз Атамекеніміз үшін жаңаша аштық. Бүгінде Астана – бұл Қазақстанның жаңа тарихы жинақталған орын» деген сөздерімен үлкен баға берілген болатын.

Астанадағы терең де кең көлемдегі өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан да тыс қалмады. 1999 жылы-ақ Елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

Құрметті жерлестер! Астана елімізге қайырлы да құтты қала болды. Байтақ еліміздің мәртебесі биіктеп, нұр қонған Астанамыздың сәулеті арта берсін! Мерекеміз құтты болсын!

А.Абилдина, Сәтбаев қалалық сотының бас маманы.

Комментарии закрыты.