Сапалы өмір кепілі

Ел нарығына шыққан 14 жыл ішінде БТА Банкіне қанаттас «БТА Өмір» сақтандыру компаниясы әр қазақстандыққа өмір сапасын жақсарту және оны сақтауда үнемділік басты маңызға ие екенін түсіндіріп келеді. Тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықтың қаншалықты өмір үшін маңызды екенін насихаттау бағытында компания өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінде ашық есік күнін өткізуде.

Компанияның жергілікті агенті Зәбира Мұхамбетқалиеваның ұйымдастыруымен қалалық әкімдіктің үлкен залында компания өкілдері тұрғындардың қатысуымен жүздесу өткізді.

Алматыдан келген «БТА Өмір» сақтандыру компаниясы Басқармасының агенттік байланыс жөніндегі басшысы Ғалия Темірбекова және компанияның жергілікті агенттері бүгінгі міндеттері мен сақтандыру бағытындағы жұмыстарын тілге тиек етті.

– Елімізде сақтандыру нарығын дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату мақсатында арнайы бағдарлама дайындалған болатын. Осы бағдарламаның аясында халыққа қаржы саласында, сондай-ақ, зейнетақымен қамту жүйесі мен адам өмірін сақтандыру бағытында болып жатқан жаңалықтарды жеткізу міндеті алға қойылған. «БТА Өмір» компаниясы өмірді сақтандыру жұмысын жүргізуге лицензия иеленген Қазақстандағы бірінші компания. Ол өз жұмысын 1999 жылдың жиырма екінші шілдесінде бастаған.

Қазіргі таңда компания активтер мен жеке капиталдарды сақтауда және нормативтік төлемжасау қабілеті бойынша еліміздегі алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Біздегі активтердің бүгінгі таңдағы көрсеткіші – 20230млн.теңге болса, жеке капиталдың мөлшері – 4811 млн.теңгені құрайды. Ал, нормативтік төлемдер – 2,32 млн.теңгені құрап отыр.

Өмірді сақтандыру бойынша немесе зейнетақымен қамтылу жөнінде, қаржылық жоспарларыңызды жүзеге асыруға ниеттенсеңіз біздің компанияның жергілікті мамандары сіздерге әрқашан көмек көрсетуге дайын. Бастысы – қаржы мәселесіне сауатты түрде қараған жөн. Егер де біздің компанияның салымшысы боламын деп ниеттенсеңіз, компанияда бірнеше жинақтау және сақтау жұмыстарын жүргізе аласыз, – дейді Ғалия Темірбекова.

Жиынға қатысқан жұртшылық мамандарға өздерін қаржы мәселесі бойынша толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Кездесуді қызықты да тартымды өткізуді жоспарлаған компания өкілдері жиын соңында қатысушылар арасында лоторея ойнатып, жеңімпаздарға сый-сияпаттарын берді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.