Болашақтың қаласы

08-5Туған күні Астана күнімен тұспа-тұс келген жастардың бірі – Сәбит Бексұлтан. Ол ел ордамыз Астана қаласына көшірілгеннен кейін екі жылдан соң, яғни 1996 жылы тура 6 шілдеде өмірге келіпті. Бүгінде өзінің туған күнінің Астана күнімен тұспа-тұс келгенін мақтан етеді. Ыңғайы келсе туған күнін Елордада тойлауға тырысады.

– Астанаға алғаш рет барғандықтан алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Бізді бастап барған жетекшіміз Елорданың ең көрікті жерлерін аралатты. Әсіресе, «Салтанат сарайы», «Пирамида», «Бәйтерек», «Триумф Астана», «Думан» сияқты ғимараттар мен «Қазақ елі», «Шабыт», «Тәуелсіздік сарайы», «Хан шатыры» секілді нысандарды сәулет өнерінің жауһарлары санауға болады. Көркіне көз тоймайтын саябақтар мен субұрқақтардың өзі асқан шеберлікпен үйлесім тапқан. Көшелердің барлығы мұнтаздай таза. Барлығымыз осы жерлерге суретке түсіп, мәре-сәре болдық. Сапарымыздың өте қызықты өткені сондай, кететін уақытта Елордамен қимай қоштастық.

Жалпы, жастар үшін осындай саяхатты ұйымдастырып отырған өте тиімді болар еді, – дейді Сәбит.

Комментарии закрыты.