Тағайындау

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы №524 Жарлығының 40-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қарағанды облысы әкімінің 2013 жылдың 29 маусымындағы №71к өкімімен Омар Әнуар Серікбайұлы Сәтбаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

01-1-1

Омар Әнуар Серікбайұлы

1968 жылы 13 маусымда туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1998 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған мемлекеттік университетін, 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Білімі бойынша орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, заңгер.

Еңбек жолын Ұлытау ауданы «Урожайный» совхозында тракторист болып бастаған.

1989-1989ж. – Ұлытау ауданының ауылшаруашылық кешенінде жүргізуші; 1990-1990ж. – «Қазтүстіметжөндеу» тресінің Жезқазған басқармасында бетоншы; 1992-1995 – Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінде тілші; 1996-1997 жылдары Жезқазған облыстық филармониясы шығармашылық ұжымының директоры.

1997 -1998 жылдары Жезқазған қаласындағы №1 орта мектепте мамандығы бойынша мұғалім; 1998-2000 жылдары – Т.Қалмағамбетов атындағы филармония директоры. 2000-2002 ж. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары; 2002-2003 жылдары аймақтық «Сарыарқа» газеті редакциясы бас редакторының орынбасары; 2003-2004 – «Ақ жол» демократиялық партиясының Жезқазған қалалық филиалы аппаратының жетекшісі, 2004-2006 – «Алтын аймақ» ЖШС директоры; 2006-2008 – Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2008-2009 жылдары Жезқазған «Нұр-Құрыш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2009-2010 – Жезқазған қалалық мемлекеттік мұражайының директоры, 2010-2010 ж. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары.

Сәтбаев қаласы әкімі болып тағайындалғанға дейін Ұлытау ауданының әкімі қызметін атқарды.

Комментарии закрыты.