Түзетуге уақыт берілді

2009 жылдың үстіміздегі жылдың тамыз айының 17-22-і аралығында «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Сәтбаев қалалық прокуратурасымен бірігіп қаланың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары, кәсіпорындары, сауда үйлері мен дүкендері, мейрамханалар мен кафе-барларының маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштер, бланкілер, басқа да көрнекі ақпараттарының Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151/1 «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес сақталуына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында көптеген Заң бұзушылықтары анықталып, тексерушілер тарапынан Заңның баптары түсіндіріліп, қателерді жою үшін мерзімі берілді. Жалпы 120 объект тексеріліп, басшыларының атына ескерту қағаздары жіберілді. Тексеріс кезінде көптеген объектілердің, оның ішінде қаланың қақ ортасында тұрғызылған «Крос», «Бамбино», «Эльдорадо», «Кlas», «Все для дома» «6 соток», «Арбат», «Хозяйственные товары», дүкендері «Белый ветер», «Крис-Сервис», «Сити-центр», «Престиж», «Кооператор» сауда үйлері, «ЦРУ», «Навигатор» кафелері, «Екатерина» мейрамханасы, «Милениум» интернет клубы, «Провокация», «Марго», «Мерей» шаштараздары, «Радуга» фотосалоны, қала бойынша «Билайн» қызметін көрсету жүйелері және т.б. көптеген объектілердің маңдайшалары жазулары, жарнамалар мен хабарландырулардың мәтіндері жоғарыда көрсетілген Заңың 21-ші бабына және жарнама туралы Заңының 6-шы бабының 2-ші тармақшасына қайшы рәсімделгендігі анықталды. Алдағы уақытта қаламызда орналасқан барлық кіші және орта бизнес нысандарына осындай тексеру жұмыстары жүргізіледі. С.Рахметова, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің бас маманы.

Комментарии закрыты.