Құрметті жерлестер, қала қонақтары! Уважаемые сатпаевцы, гости города!

Ертең Қазақ елі мерейлі мереке – Елордамыз – Астана қаласының он бес жылдығын атап өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен халқымыздың ерен еңбегінің арқасында бой көтерген Астана тарихи өлшеммен алғанда өте қысқа мерзім ішінде сұлу келбетіне көз тоймайтын ғаламат шаһарға айналды.

Бүгінгі Астана, ол – сәулет өнерінің інжу-маржаны, техникалық және инновациялық жетістіктердегі жаңа қол таңба, ЮНЕСКО-ның Әлем қаласы атағын иеленген, сонымен қатар, жер бетіндегі үздік астаналар қатарына енген елдігіміздің бейнесі болып табылады.

Ал, халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның Елордасын «ЭКСПО — 2017» сияқты беделді халықаралық көрмені өткізу орны ретінде таңдауы еліміздің экономикалық және ғылыми жетістіктерін, оның заманауи, прогресшіл және демократиялық мемлекет ретінде абыройының өсуін дәлелдейді.

Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқайсыңызға денсаулық, құт-береке, отбастарыңызға аманшылық тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Ә.С.Омар.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

20130705-01-2

6 июля Казахстан отмечает пятнадцатилетие своей столицы – Астаны. За это время столица, воздвигнутая благодаря гениальной идее Президента страны Нурсултана Назарбаева и упорному труду нашего народа, кардинально изменилась, завораживая своей красотой и грандиозностью.

Сегодня Астана – это жемчужина архитектуры, новое слово в технике и инновациях. Астана обрела репутацию одной из лучших столиц планеты, заслуженно удостоена от ЮНЕСКО почетного звания Города мира.

Тот факт, что международное сообщество выбрало именно казахстанскую столицу местом проведения авторитетной международной выставки «ЭКСПО — 2017», свидетельствует о несомненных достижениях страны в области экономики и науки, росте авторитета Казахстана как современного, прогрессивного и демократического государства.

Сердечно поздравляем вас с замечательным праздником – Днем Астаны! Желаем крепкого здоровья, счастья и семейного благополучия! Пусть крепнет, развивается и процветает наша любимая Астана!

С уважением, аким города Сатпаев А.С.Омар.

Секретарь городского маслихата С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.