«Жол картасы»

«Жол картасы» аясында күрделі жөндеуден өткен тағы бір әлеуметтік маңызы зор нысандар – «Балалық шақ» және «Мерей» балалар үйі. Осы екі мекеменің ашылу салтанаты 13 қыркүйек – Қала күні өтті. Оған қала әкім С.Т.Медебаев, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ақышбеков, қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ш.Жанасылова, Жезқаған кентінің әкімі Қ.Шайжанов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.Қапарова, мердігер компаниялардың өкілдері қатысты. С.Медебаев балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұстаздарын қала күнімен құттықтап, жаңарған ғимаратта тек қана жақсылық, жылылық болсын деген тілегін жеткізді. Қонақтар балалардың дайындаған шағын концертін тамашалап, «Мерей» балалар үйіне бет алды.. Әсем безендірілген ғимараттың ауласында поселке тұрғындары, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер қонақтарды қол соғып қарсы алды. Салтанатта әкім С.Медебаев, Ш.Жанасылова, мердігерлік «Сары-Арқа» ЖШС директорының орынбасары Е.Мұқанов шығып құттықтады. Балалар үйінің іші-сыртын аралап шыққан қонақтар мердігерлердің сапалы да көркем жұмысына риза болды. – Осы ғимараттың жөндеуден өтуіне «Жол картасы» бойынша бөлінген 34 миллион теңгені толығымен игеріп, балалардың игілігі үшін адал жұмыс атқардық. Тәрбиеленушілердің оқып, дем алуына барлық жағдайды жасауға тырыстық. Мен өз атымнан балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, тәрбиешілерге мейірімділік, еңбектеріне табыс тілеймін, – деп Ержан Мұқанов қала күніне тарту ретінде кілем сыйлады. «Мерей» үйінің директоры Б.Мақашова қала басшыларына, мердігерлерге шексіз алғысын жеткізді. Қала әкімі С.Т.Медебаев екі балалар үйіне де әкімшілік атынан кір жуатын машина сыйға тартты. М.Смағұл.

Комментарии закрыты.