Алғашқы еңбек маусымын аяқтады

Теңізге тамған тамшыдай қала тазалығы мен абаттандыру жұмысында қолдарының ізі қалған «Жасыл ел» еңбек жасағындағы жастар биылғы жылдың бірінші еңбек маусымын да сәтті аяқтады.

Бір ай бойы қала көшелерінің бойындағы талдарды суарып, баптап, айналасында өскен арамшөптерді жұлып өз үлестерін қосқан жасылелдіктердің бірінші еңбек маусымының жабылуы спорттық-сауықтыру кешенінде өтті.

Жабылу салтанатында еңбек ету барысында көзге түскен бір топ жастар марапатқа ие болды.

– Өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап шыққан жастар да қуанышты. Олар еңбегіне қарай жалақысын алады. Жазғы мезгілде бос жүріске салынбай, қаланың тазалығына үлестерін қосып, демалыстарында ата-аналарына қаржылай көмек көрсетуге ниеттенген жастар көп. Олардың негізі студенттер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары, –дейді жастар бастамашылдығы орталығының бас маманы Жасұлан Кеншібеков.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.