Рамазан айының қадір-қасиеті

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында айлардың сұлтаны – Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Отырысты мәдени-сауық орталығының директоры Б.Жайлаубаев ашып, Садуақас Ошақұлы атындағы мешіттің имамы Хамит Мырзагелдиевке сөз берді.

– Ораза тұту әрбір бай адам мен қарны тоқ адамды кедей мен аштың кейпіне кіргізеді. Аштық пен шөл барлық адамдарды теңейді. Ораза тұтуды сақтап және аштықты сезіну Құдайдың алдында барлық адамдардың тең етеді. Ол бай адамды тұрмысы нашар адамдармен қарым-қатынас жасағанда өркөкіректік пен астамшылық жасаудан айырады. Исламның бар мақсаты осымен аяқталады – адамдар арасында теңдік пен адалдықты орнату, – деді бас имам.

Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – тәрбиелі, иманды ұрпақ жетілдіру. Осы бағытта Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы Сәтбаев қалалық мешіттің алар орны ерекше. «Нұр Астана» медресесінің түлегі Мәди Берлібеков, «Әбу Ханифа» медресесінің түлегі Жанат Рахат құран сүрелерін оқытып, арапша және имандылық тақырыбында сабақ беріп жатқандығы жайлы тілге тиек етті. Мұсылман қауымының басым көпшілігі ұстанатын имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабына ерекше мән беріледі.

Кездесу соңында кітапхана оқырмандары пікірлерін айтып, сауалдарына жауап алды. Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға діни кітаптар үлестірілді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.