Ауызашар беріліп, уағыз айтылды

Айлардың сұлтаны – Рамазан айындағы Оразаның алғашқы күнінде қала әкімі Әнуар Омар Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің асханасында Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берді.

Алдымен мешітке жиналған көпшілік намазға жығылды. Құлшылық амалдан кейін қаланың Құрметті азаматтары мен ақсақалдары арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ауыз ашты. Дастархан басында қала әкімі Ә.Омар барша мұсылман қауымын қасиетті айдың келуімен құттықтады.

Асқа жиналған жұртшылық қала басшысына өздерінің ризашылықтарын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.

Мешіттің бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов уағыз айтып, бұл айда жасалатын амал-құлшылықтар жайында ақпарат берді.

Жамағат ауызашардан кейін Құптан және Тарауиһ намаздарын оқыды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.