Астана тағдыры – бүкіл қазақстандықтардың тағдыры

«Егемен Қазақстаннан» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана – Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» атты мақаласын оқыдым.

Мақалада Елбасы «Астана тағдыры – екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры» деп жазады. Шын мәнінде, жаңар-ған Қазақстанның бүгінгі қарышты қадамы, жаңа қаланың қазіргі әсем келбеті, әлемдегі ешқандай астаналарға ұқсамайтын сәулеті мен даму үрдісі тек біздерді, қазақстандықтарды ғана емес, бүкіл дүние жүзін таң қалдырып отыр.

Сонымен бірге, мен Астананың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми дамуын бүгінгі Қазақстанның экономикасының локомотиві дер едім. Өйткені, қазіргі заманауи жаңалықтар, соңғы технологиялар мен инвестициялық жобалар осы Астанада енгізіліп, сосын аймақтарға тарап жатады. Астана ел экономикасына миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімдерін құйып отыр. Соңғы үлгідегі тепловоздар, вагондар, тікұшақтар мен күн батареясының қондырғыларын шығарып, Астана жаңа салалардың негізін қалаушы қала болып келеді. Осындай қомақты үлесті айтуға тұрар мақтаныш деуге әбден болады.

Айналдырған 15 жылдың ішінде ешкімге белгісіз Ақмоладан әлемге танымал Астана құрған қазақстандықтардың, соған мұрындық болып, қажыр-қайраты мен саяси жігерін жұмсаған Нұрсұлтан Назарбаевтың мақтанышы екеніне де ешкім күмәнданбас.

Елбасы мақалада: «Астана – менің тағдырыма, менің өміріме, менің зор бақытыма айналды» дегендей, ондай сөздерді әр қазақстандық та айта алады деп ойлаймын.

Шермұханбет Байбосынов, Ұлы Отан соғысының ардагері.

Комментарии закрыты.