Апталық қорытындыланды

Қаламызда 7 қыркүйектен бастап 12-не дейін «Нұр Отан» ХДП-ның Сәтбаев қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты «Ізгі істер» апталығын өткізген болатын. Шаһарымыздың 36 жылдығына арналған апталық атына сай жастарды ізгі істерге бастады. Іс-шара аясында жасөспірімдер мен «жасотандықтар», «Болашақ» ұйымының жеткіншектері тазалық сенбіліктерін өткізді, ардагерлерге, жалғызілікті қарттарға үй шаруашылығына көмектесті. Сондай-ақ, балалар үйлері тәрбиленушілеріне қайырымдылық көрсетіп, оқу құралдарын, ойыншықтар үлестірді. Қоғамдық жерлерде жастарды тазалыққа, қамқорлыққа шақыратын плакаттар мен стикерлер ілді. Дүйсенбі күні қала әкімдігінде аталмыш апталық қорытындыланып, белсенді қатысқан жастар мен мектеп ұжымдары марапатталды. Жастарды апталықтың жабылуымен қала әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы С.Мұхамбеталина, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Наурызбаев пен «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Қ.Алпысбаева құттықтап, белсенділерді атап өтті. Іс-шараға белсене қатысып, ұйымшылдық танытқан №№2, 3, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушыларына №5, 14, 16, 27 мектеп шәкірттеріне, «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледж оқушыларына алғыс жарияланып, мектеп басшыларының атына жазылған Алғыс хаттар мен Сәтбаев қаласының 35 жылдық мерейтойына орай жарық көрген фотоальбом тапсырылды. Ұйымдастырушылар сонымен қатар №№2, 15, 3, 5 мектептің аға тәлімгерлері В.Құрманқожаеваға, М.Бектасоваға, С.Мұхтарова мен А.Жүріноваға алғыс білдіріп, еңбекте табыс тіледі. Ең белсенді қатысушылар ретінде Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің және «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледж оқушылары Е.Байғараевтың, С.Жетербайдың, Б.Жетербаевтың, М.Майлыбаев пен О.Миркиновтытң, О.Байситовтың есімдері аталды. А.Құлашова.

Комментарии закрыты.